Accessibility links

Әскери хунта үстемдік еткен Мьянмада БҰҰ-ның арнаулы өкілі жүр


ЯНГОН: БҰҰ-ның Мьянмаға келіп жеткен арнаулы өкілі Ибраһим Гамбари елдің әскери билігін бейбіт шеруге қарсы күш қолданбауға үгіттеу үстінде. Шағын елдің ірі қалаларын 10 мыңдаған армия жауынгері мен полиция қатаң күзетіп тұр. Әскери хунта өзіне қарсы наразылық шерулеріне жол бермеуге тырысып жатыр. Өткен сәрсенбіден бері наразылық шерулерін қуап тарату кезінде Мьянмада 13 адам мерт болып, 100-деген кісі тұтқындалды. Сондай-ақ Мьянмаға Жапонияның ресми өкілі де келді. Ол жергілікті биліктен өткен бейсенбі күні Янгондағы шеруді кинокамераға түсіріп жүріп қаза тапқан жапон журналисінің қазасын тиянақты тергеуді талап етпекші.
XS
SM
MD
LG