Accessibility links

Украинадағы сайлаудың барысында оппозиция мен билік партиясы бір-бірін әшкерелеуде


КИЕВ: Украинадағы бүгін парламент сайлауының барысында заңды бұзған бірқатар жайт анықталды. Билік басындағы партия мен оппозиция “сайлау зыңын бұзды” деп бір-бірін айыптау үстінде. Бақылаушылардың пікірінше, Луганск облысында сайлау комиссиясының “Аймақтар партиясынан” мүшесі 1 сайлаушыға бірден 2 бюллетеньнен беріп жатқан жерінде ұсталды. Кировоград пен Харьков облыстарында “Аймақтар партиясына” дауыс бергізу үшін жұртты жаппай көлікпен тасып жатқаны тіркелді. Өз кезегінде билік партиясы Волынск, Тернополь, Николаевск и Винницк облыстарында оппозицияның үгітшілерін “сайлаушыларды сатып алумен айналысты” деп кінәлады. Сайлауды 3 мыңнан астам, оның ішінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 700 бақылаушысы қадағалауда.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG