Accessibility links

БҰҰ-ның өкілі Мьянманың әскери хунтасымен де, оппозициясымен де кездесті


ЯНГОН: Бүгін БҰҰ-ының арнаулы өкілі Ибраһим Гамбари Мьянмада демократиялық оппозицияның лидері әрі Нобель сыйлығының лауреаты Аун Сан Су Чимен кездесті. Әскери хунта оны өз үйінде қамауда ұстап отыр. Бейбіт шеруге қарсы күш қолданбауға көндіру ниетімен Гамбари Мьянманың астанасы – Найпидо қаласында әскери хунтаның лидерлерімен келіссөз өткізді. Елдің ірі қалаларын армия бөлімдері мен полиция қатаң күзетіп тұр. Наразылық шерулерін қуап тарату кезінде 13 адам өліп, 100-деген кісі тұтқындалды. Өткен бейсенбі күні Янгондағы наразылықты кинокамераға түсіріп жүріп қаза тапқан жапон журналисінің қазасын тиянақты тергеуді талап ету үшін Мьянмаға, сонымен қатар, Жапонияның ресми өкілі де келді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG