Accessibility links

Қару-жарақ сатудан АҚШ – бірінші орында, Ресей – екінші орында келеді


ВАШИНГТОН: АҚШ - 2006-ншы жылы тағы да қару-жарақ саудасынан бүкіл әлемде бірінші орында қалды. АҚШ Конгресінің есебінде келтірілген мәліметтерге сәйкес, өткен жылы АҚШ фирмалары шамамен 17 млрд. доллардың келісім-шартына қол қойған, бұл - 2005-інші жылмен салыстырғанда 3,4 млрд. долларға артық. Өткен жылы Ресей де қару-жарақ экспортын 1,2 млрд. долларға ұлғайтып, бас-аяғы 8,7 млрд. долларға келісім жасап, өзінің үлесін шамамен 21,5 пайызға жеткізді. Жалпы қару-жарақ саудасы 13 пайызға қысқарып, негізінен Франция мен басқа Батыс Еуропа елдері есе жіберді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG