Accessibility links

В.Ющенко мен Ю.Тимошенконың блоктары бірге Жоғарғы Радада 45 пайыздан астам дауысқа ие бола алады


КИЕВ: Украинадағы “қызғылт-сары төңкерісті” қолдайтын саяси күштер жексенбідегі парламент сайлауының нәтижесінде жаңа коалициялық үкіметті жасақтауға дайын екендерін мәлімдейді. Ресми дерек бойынша, дауыстардың тең жартысы есептелген соң, Ю.Тимошенконың блогі 33,5 пайыз дауыс жинады, премьер-министр В.Януковичтің “Аймақтар партиясы” 30,5 пайыз, ал президент В.Ющенконы қолдайтын “Наша Украина-Народная самооборона” блогі 16 пайыздай дауыс алды. Жоғарғы Радаға 5 пайыздай дауыс алған коммунистер де өтетін тәрізді. Ал президент В.Ющенко мен Ю.Тимошенконың блогі бірге 45 пайыздан артық дауысқа ие болатын сыңай бар.
XS
SM
MD
LG