Accessibility links

Пәкістанда алғаш рет жанпидашыл әйел террорлық қастандықты іске асырды


ИСЛАМАБАД: Бүгін Пәкістанның ауған шекарасына жақын солтүстік-шығыс ауданында жаңа қастандық іске асырылды. Паранжа жамылған террорист әйел Банну қаласының іргесіндегі полицияның күзет бекеті маңында өзін-өзі жарып, одан 15 адам қаза тапты, 20-дан астам кісі жараланды. Бұл жанпидашыл-әйел іске асырған алғашқы қастандық болды. Пәкістан армиясы өкілінің хабарлауынша, қаза болғандардың төртеуі полицей, қалғандары бейбіт халық, оның ішінде жанпидашыл-террористің өзі де бар. Соңғы кезде Талибан қозғалысы мен “Әл-Қаида”-ның содырлары Пәкістанның осы ауданында белсенді қимылға көшті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG