Accessibility links

Мьянмадағы әскери хунтаның лидері БҰҰ-ның арнаулы өкілін қабылдамады


ЯНГОН: Мьянмадағы әскери хунтаның басшысы генерал Цзэн Шве (Than Shwe) БҰҰ-ның арнаулы өкілі Ибраһим Гамбаримен кездесуін сейсенбіге ысырды. И.Гамбари әскери хунтаның лидерлерімен кездесу үшін Мьянманың ит мұрыны батпайтын джунглиде орналасқан астанасы Найпидоға бүгін келген болатын. Ол әскери билікті елдегі наразылықты күшпен басып-жаншудан бас тартуға көндірмекші. Жексенбі күні Гамбари әскери хунтаның бірнеше мнистрімен және Янгон қаласында оппозицияның лидері әрі Нобель сыйлығының лауреаты Аун Сан Су Чимен кездесті.
XS
SM
MD
LG