Accessibility links

Шымкентте ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 133-ке жетті


ШЫМКЕНТ: Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетінің инфекциясы жұқтырылған балалардың саны соңғы айда 133-ке жетті. Бүгін облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры Вячеслав Дудник осылай деп мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, инфекция жұқтырғандардың ішінде тек Оңтүстік Қазақстанда ғана емес, басқа облыстың сәбилері де бар. ВИЧ індетін Шымкентте жұқтырған баланың бірі Семейден, тағы бірі Алматы облысынан келген. Облыстық СПИД орталығының мәліметі бойынша, осы күні инфекция жұқтырған балалардың саны 133-ке жетті, 10 бала мен 17 ана көз жұмды, тағы бірі асырап алынып, шетелге кетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG