Accessibility links

Украинадағы парламент сайлауының алдын-ала қортындысында премьер-министрді қолдайтын партия аз басымдықпен алға шықты


КИЕВ: Украинадағы “түрлі-түсті төңкерісті” қолдайтын саяси күштер жексенбідегі парламент сайлауының нәтижесінде жаңа коалициялық үкіметті жасақтауы мүмкін. Дауыстардың 80 пайызы есептеліп, “мәскеушіл” премьер-министр В.Януковичтің “Аймақтар партиясы” 32.5 пайыз дауыспен Ю.Тимошенконың блогінен болар-болмас басымдықпен алға шықты, президент В.Ющенконы қолдайтын блок 15 пайызға жуық дауыс жинады. Ал осы кезде президент қауіпсіздік күштеріне елдің шығысы мен оңтүстігінде дауыстарды есептеудің кешігу себептерін дереу тергеуді тапсырды. Бүгін Ю.Тимошенко: “Осы жолғы парламент сайлауында тағы да Украинаның демократиялық күштері жеңді. Енді біз біріге отырып, әдеттегідей, қарсыластарымыздан басым дауыс алдық”, -деп мәлімдеді. Президент В.Ющенко мен Ю.Тимошенконың блогі бірге кемінде 45 пайыз дауысқа ие болатын түрі бар. Ал Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бастаған халықаралық бақылаушылар миссиясы өзінің бастапқы есебінде Украинадағы парламент сайлауын “ашық әрі шынайы бәсекелестік жағдайында өтті” деп бағалады.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

XS
SM
MD
LG