Accessibility links

Суматра аралының жағалауында тағы да жер сілкінісі тіркелді


ДЖАКАРТА: Бүгін Индонезия үкіметі цунамидің қатері төнгенін ескертіп отыр. Одан бірнеше сағат бұрын Индонезияның Суматра аралының жағалауында қуаты Рихтер өлшемі бойынша 6,4 балға тең жерасты қозғалысы тіркелген болатын. Әзірше адамның қазасы немесе баспана-ғимараттардың қирағаны туралы хабар жоқ. Қыркүйек айында ғана Суматра аралындағы зілзаладан 10-даған халық қаза болып, 100-деген ғимарат күйреген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG