Accessibility links

Пәкістанның федералдық парламенті 80 депутатынсыз қалды


ИСЛАМАБАД: Бүгін Пәкістан парламентінің оппозициялық депутаттары билік басындағы П.Мушаррафтың екінші рет президент болып сайлауына наразылық білдіріп депутаттық мандаттарынан бас тартты. Өткен аптада сайлау комиссиясы П.Мушаррафтың сенбі күні өтетін президент сайлауына үміткер болып түсуін мақұлдап, федералдық парламент пен аймақтық маслихаттар немесе ассамблеялар оны бекітуге тиіс. Міне осындай шешімді заңсыз ету үшін федералдық парламенттің шамамен 80 депутаты бүгін мандаттарынан бас тартты. Оппозицияның мәлімдеуінше, армияның бас қолбасшысы болып отырған П.Мушаррафтың президент болып сайлануына конституциялық құқы жоқ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG