Accessibility links

Мьянмадағы әскери хунта халықаралық қоғамның үндеуіне құлақ асатын емес


ЯНГОН: Бүгін БҰҰ-ның арнаулы өкілі Ибраһим Гамбари Мьянмада әскери хунтаның басшысы, генерал Тань Швемен жабық келіссөз өткізуде. И.Гамбаридің алдында әскери хунтаны үкіметке қарсы бейбіт наразылықты күштеп басып-жаншудан бас тартуға және ұлттық бітімге келуге көндіру міндеті тұр. Алайда әскери хунтаның халықаралық қауымдастықтың үніне құлақ аса қоятын түрі байқалмайды. Өткен дүйсенбіде БҰҰ-ының Бас Ассамблеясында Мьянманың сыртқы істер министрі “елдің шырқын бұзуды көздеген саяси оппортунистердің қолтығына сыртқы күштер су бүркеп отыр”, - деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG