Accessibility links

Ресей АҚШ пен Канаданың әуе кеңістігін бұзуды әдетке айналдырды


АНКОРАДЖ: Ресейдің әскери әуе күштерінің ұшақтары АҚШ пен Канаданың шекараларына жақын аумаққа жиі ұшып баратын болды. АҚШ пен Канаданың Аляскадағы біріккен әуе қорғанысы күштерінің өкілі осылай деп мәлімдеді. Оның хабарлауынша, өткен жазда Аляска мен Канаданың арасындағы бейтарап кеңістіктен Ресейдің бомбалаушы ұшақтары кем дегенде 7 рет көзге түсті, соңғы рет 19-ыншы қыркүйек күні байқалды. Әр жолы оларға қарама-қарсы Америка мен Канаданың жойғыш ұшақтары ұшып шығуға мәжбүр болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG