Accessibility links

Бағдадта Ирақ пен Ұлыбританияның премьер-министрлері келіссөз өткізуде


БАҒДАД: Бүгін Англияның премьер-министрі Гордон Браун күтпеген жерден Бағдадқа ұшып келіп, дереу Ирақ премьері Н.Әл-Мәликимен кездесуге аттанды. Екі жақты әңгіменің барысында елдің оңтүстігіндегі Әл-Басра қаласын Ирақтың қауіпсіздік күштерінің жауапкершілігіне тапсыру мүмкіндігі талданады. Алдағы аптада Г.Браун ағылшын парламентінде Ирақтағы британ әскерінің келешек тағдыры қалай болатынын хабарлауға тиіс. Премьер-министр ол әскердің күрт қысқартылатынын жариялауы да әбден мүмкін.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG