Accessibility links

Шымкеттік кәсіпкерлер облыс әкімінің қала парктерін қала меншігіне қайтару туралы шешіміне наразы болып отыр


Қазақстан кәсіпкерлері форумының Оңтүстік Қазақстан облыстық бөлімшесінің мүшелері болып саналатын шымкенттік бір топ кәсіпкерлер сейсенбі күні Шымкент қаласында баспасөз мәслихатын өткізіп, Оңтүстік Қазақстан облысына жаңадан әкім болып тағайындалған Нұрғали Әшімовтың өз билігін асара пайдаланып, келе сала жергілікті кәсіпкерлерге қысым жасай бастаған деп мәлімдеген.

Шымкеттік кәсіпкерлер қала парктеріндегі өздерінің заңды жағдайда салған жеке меншік нысандарына жаңа әкімнің шүйлігіп отырғанын айтады. Ал осы мәселе бойынша біз хабарласқан Оңтүсітк Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінің өкілі Абай Қалыбай сәрсембі күні радиомызға берген сұқбатында Шымкент қаласы бойынша 6 парктің бар екендігін солардың ішінде дәл қала ортасында орналасқан Абай паркінің жағдайы ауыр екендігін жеткізді.

Бар мәселе ол кезінде парк ішін көгалдандырып, адамдардың алаңсыз қыдырып, емен еркін таза ауа жұтып, дем алып, серуендеп қайтуларына жағдай туғызарлық нысандар саламыз деп уәде еткен кейбір кәсіпкерлердің ол сөздерінде тұрмай, керісінше парк ішінде түтін түтетіп, кәуәп жасайтын кафе, ресторандар салуы тіптен кейбірінің казино салып, би алаңдарын орнатқандары ақылға симайтындықтан жаңа әкім осыны тексеруді тапсырып отыр дейді облыс әкімінің өкілі.

Егерде барлығы дұрыс, заң жүзінде болса онда ешкімде ешқандай зардап шекпейді егерде заң бұзылған болса онда оны сот шешеді дейді А.Қалыбай.

Оның айтуынша, облыс әкімдігі осы мәселені келісіп барып шешетін арнайы комиссия құруды жөн көріп, оның құрамына кәсіпкерлердің өздерін, мәслихат депутаттарын және облыс әкімдігінің қызметкерлерін кіргізбекші көрінеді. Комиссия қалай шешеді бар мәселе солай болады дейді ол.

Алайда шымкенттік кәсіпкер әйел Нәзира Сартаева облыс әкімдігінің бұл шешімін кәсіпкерлерге жасалып отырған қысымның бір түрі ретінде санайды. Өйткені кәспкерлердің қандай бір кәсіп түрін жүргізудің өзі Қазақстанда қиын нәрсеге саналады енді барлығы әреңдеп дұрысталып іс жүре бастағанда тағы бір пәлені ойлап шығарады, бұл дұрыс емес дейді ол.

Кәсіпкерлер қала қоржынына аз емес қаржы құяды, соның өзі аз болғандай қала шенеуніктері түрлі сылтауларды осылай көбейте береді сондықтан олар наразы болып отыр дейді кәсіпкер әйел.

Ал облыс әкімінің баспасөз қызметінің өкілі Абай Қалыбай облыс әкімі мен шымкенттік кәсіпкерлер арасында туындап отырған бұл проблема алдағы күндері өз шешімін табады дегенді айтады.
XS
SM
MD
LG