Accessibility links

МАГАТЭ басшысы Иран уран байыту бағдарламасына қатысты маңызды сұрақтарға жауап беруге тиіс деді


Иран БҰҰ-ның жаңа санкцияларынан құтыламын десе өзінің уран байыту бағдарламасына қатысты маңызды сұрақтарға жауап беруі тиіс. Бұл туралы атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің басшысы Мохаммад әл-Барадей мәлімдеді. "Financial Times" басылымына берген сұхбатында әл-Барадей Иран жетілдірілген центрифугаларға қол жеткізді деген күдік бар деді. Оның айтуынша, Теһран мұндай шүбәні 22-ші қарашада өтетін МАГАТЭ отырысына дейін жоюы керек. Егер Иран қойылған сұрақтарға жауап бермесе халықаралық қауымдастықтың қолдаусыз қалады деді әл-Барадей.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG