Accessibility links

Спорттың қандай түрі адамдардың арықтауына игі ықпалын тигізеді?

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Петер Круступ мырза - Копенгаген университетіндегі жаттығулар физиологиясы ғылымы бойынша көмекші профессор. Негізгі өмір әрекеттері отырып жұмыс істеуге бейімделген 20 мен 45 жас аралығындағы 100 шақты адаммен оның зерттеу тобы тәжірибе жүргізді.

Олардың ағзаларының 25 пайызы артық майдан құралған болатын. Сондықтан олардың денсаулығына қант ауруы, бүйрек пен жүректің нашар жұмыс істеуі сияқты, айрықша қатер бар еді. Олардың 33-іне үш ай бойы әр апта сайын 3 реттен бір сағаттап футбол ойнау тапсырылды. Келесі 33-іне дәл осындай уақыт аралығында жеңіл жүгірумен айналысу ұсынылған болатын. Жиналғандардың қалған 3-і бөлігіне бұрынғыша көп қозғалмастан, үйреншікті өмір қалыбын жалғастыру тапсырылған еді.

Нәтижесінде футбол ойыншылары салмақтарының 3,7 пайызынан құтылса, ал жеңіл жүгіргендер майларының 2 пайызынан ғана құтылған екен. Осыған қосымша футбол ойнағандардың бұлшық еттері 2 килограмға артса, ал жеңіл жүгіріспен айналысқандар мұндай нәтижеге жете алмаған екен. 100 адамның 3-і тобы, яғни ешқандай спортпен айналыспағандар салмағын азайта алмады.

Сондай-ақ футбол ойнағандар ойын қызығына беріліп, өздерінің еш шаршамағандарын айтса, жеңіл жүгіргендер өздерінің қатты зорыққандарына шағынып жатты.
XS
SM
MD
LG