Accessibility links

Бел ауруына қандай ем қажет?

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Британия ғалымдарының зерттеуінше, адамзат баласының 70-85 пайызы тым болмағанда өмірінде бір рет те болса бел ауруының зардабын шегуі мүмкін.

Германияның Регенсбурд университетінің ғалымы Майкл Хейк пен оның әріптестері 6 ай ішінде 1000-дай сырқаттың бел ауруларын акупунктураның нашар, жалған түрімен және дәстүрлі медициналық тәсілдермен емдеген екен. Шынайы акупунктура, яғни ине салу тәсілімен де, сондай-ақ оның қолапайысыз, жалған түрімен де емделген аурулардың кем дегенде үштен бір бөлігінің сыртқаттары азайып, олардың қозғалысы жақсарған екен. Тіпті ол инелер айтарлықтай дәлдікпен салынбай, теріге онша терең енгізілмегеннің өзінде нәтиже жақсы болған.

Шынайы кәсіптік деңгейдегі акупунктурадан сырқаттардың 48 пайызы тәуір болса, ал шалағай салынған иненің өзінен 44 пайыз адам жақсарып кеткен екен. Сонымен дәстүрлі дәрілер және жаттығулардан гөрі бел ауруына ине салғызу, яғни акупунктура емі тиімді боп шықты.
XS
SM
MD
LG