Accessibility links

Чехия премьер-министрі Ресейге халықаралық қысымды күшейтуге шақырды


Чехия премьер-министрі Мирек Тополанек Ресей үкіметіне құқықтық норма мен сөз бостандығын сақтауға қатысты халықаралық қысымды күшейтуге шақырды. Бұл туралы ол Ресейлік журналист Анна Политковская өлімінің бір жылдығына орай Прагадағы “Азат Еуропа – Азаттық радиосында” өткен конференцияда сөйлеген сөзінде айтты. Тополанектің мәлімдеуінше, Политковскаяның өліміне байланысты тергеу қортындысы Ресейдегі қазіргі жағдайды айғақтайты. Журналисттік зерттеу жүргізетін Новая Газета басылымының тілшісі Анна Политковсквая өткен жылы 7-ші қазанда оққа ұшқан болатын.
XS
SM
MD
LG