Accessibility links

Ирақта 1 АҚШ жауынгері қаза болып, 25 көтерілісшінің көзі жойылды


БАҒДАД: Ирақтағы АҚШ әскері Бағдадтан солтүстікке қарай орналасқан Халис қаласындағы операциясының нәтижесінде кем дегенде 25 партизанның көзін жойғанын хабарлады. АҚШ әскері Ираннан астыртын қару-жарақ жеткізумен айналысқан жергілікті шийт жасақтарының қолбасшысын қолға түсірмек болып, екі арада қақтығыс шықты. Кеше Бағдадтың оңтүстік ауданындағы тінту шарасы кезінде 1 АҚШ жауынгері мерт болды. Осы күні Ас-Самарра қаласында “Әл-Қаидаға” қарсы күреске қатысқан жергілікті ақсақал оққа ұшты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG