Accessibility links

П.Мушаррафтың екінші рет президент болып сайлануға деген мүмкіндігі басым


ИСЛАМАБАД: Пәкістан президенті Первез Мушарраф елдің экс-премьер-министрі Беназир Бхуттомен ымыраға келді. Ресми билік пен Бхутто партиясының өкілдері мәлімдегендей, осы келісімнің жай-жапсары таяу уақытта жарияланады. Жорамал бойынша, Бхуттоға тағылған “жемқор” деген айыптың күші жойылып, оның елге оралуына және алдағы парламент сайлауына түсуіне мүмкіндік беріледі. Б.Бхутто президент сайлауын заңсыз ету үшін өз партиясынан сайланған депутаттарды парламенттен шақыртып алатынын ескерткен болатын. Парламенттегі президент сайлауы сенбі күні өтуге тиіс, сайлауда П.Мушаррафтың екінші рет президент болып сайланатын мүмкіндігі басым.
XS
SM
MD
LG