Accessibility links

2 күннің ішінде Тәжікстан астанасында 3 бірдей саммит өтеді


ДУШАНБЕ: 5-6-ншы қазан күндері Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында ТМД-ның, ЕурАзиялық экономикалық қауымдастығының және Ұжымдық қауіпсіздік келісім ұйымының 3 бірдей саммиті өтеді. Душанбеге сапары кезінде Қазақстан президенті Н.Назарбаев, сонымен қатар, бірқатар екі жақты келіссөз өткізуге тиіс. Ал Ресей мен Беларусь президенттері В.Путин мен А.Лукашенконың екі жақты келіссөзі барысында энергетика саласындағы ынтымақтастық проблемалары сөз болады. Келесі жылдан бастап Беларусь үшін Ресей газы тағы да қымбаттауы мүмкін.
XS
SM
MD
LG