Accessibility links

БҰҰ-ының арнаулы өкілі Қауіпсіздік Кеңесінде Мьянма бойынша есеп береді


НЬЮ-ЙОРК: Бүгін БҰҰ-ының арнаулы өкілі Ибраһим Гамбари Қауіпсіздік Кеңесінде Мьянмадағы ахуал бойынша есеп береді. Гамбари осы елді билеген әскери хунтаның лидерлерімен 4 күн бойы келіссөз жүргізді және үйінде қамауда отырған оппозицияның жетекшісі әрі Нобель сыйлығының лауреаты Аун Сан Су Чжиге жолықты. Өзімен кездескенінде хунтаның лидері, генерал Тань Шве егер Су Чжи “билікке қарсы іс-әрекетінен бас тартатын болса,” онда онымен келіссөзге отыруға дайын екенін мәлімдеді. Мьянмадағы халық толқуын басып-жаншу кезінде, адамның құқын қорғаушы ұйымдардың есебі бойынша, 200-дей кісі құрбан болып, бірнеше мың адам тұтқындалды.
XS
SM
MD
LG