Accessibility links

Иран Палестина жерін Израильдің басқыншылығынан азат етпекші


ТЕҺРАН: Бүгін Иран президенті Махмуд Ахмадинеджад мәлімдегендей, Иран Палестинаны Израильден азат етуге күш салады. Иранда жыл сайын атап өтілетін Палестинаны қорғау күні халыққа арнап сөйлеген сөзінде М.Ахмадинеджад “Холокост қасыреті” ауқымының кең болғанына тағы да күмән келтірді. Ресми биліктің ұйымдастыруымен өтіп жатқан Израильге қарсы шеруге 10-даған мың адам шықты. Кезінде Ислам төңкерісінің рухани көсемі, марқұм аятолла Хомейни осы күнді рамазан айының соңғы жұмасында атап өтуге нұсқау берген болатын.
XS
SM
MD
LG