Accessibility links

Дж.Буш қауіпсіздік қызметінің түрмедегілерді азаптауын ақтауға тырысты


ВАШИНГТОН: Бүгін АҚШ президенті Дж.Буш қауіпсіздік қызметі өкілдерінің күдіктілерден азаптау арқылы жауап алуын қорғап бақты. Мұндай тәсілдер, деп мәлімдеді Дж.Буш, үкіметке АҚШ халқын жақсы қорғауға мүмкіндік береді. АҚШ президенті: “...бірақ үкімет адамды азаптамайды. Біз АҚШ заңдары мен өзіміздің халықаралық міндеттемелерімізді орындаймыз”, -деп мәлімдеді. Президент осылайша “Нью-Йорк таймс” газетінің бейсенбілік санында шыққан мақалаға жауап айтып отыр. Мақалада Дж.Буш әкімшілігінің терроризмге байланысты түрмедегі күдіктілерден азаптау арқылы жауап алуға рұқсат берген құжатқа сілтеме жасалады.
XS
SM
MD
LG