Accessibility links

Белгілі тұлғалар Ресейді Политковкаяны өлтірген адамды табуға үндеп отыр


Бүгін “Таймс” басылымында Ресейді тәуелсіз журналист Анна Политковскаяны өлтірген адамды табуға шақырған 60-тан аса белгілі адамның қолы қойылған хат жарық көрді. Олар Анна Политковскаяның қаза болғанына бір жыл өтсе де нағыз айыптының табылмай отырғанына, әділ тергеу жүргізілмегеніне наразылық танытқан. Белгілі адамдардың қолы қойылған ол хатқа Оңтүстік Африкалық Нобел сыйлығының иегері Десмонд Туту, Британиялық драматург. Гарольд Пинтер, Құрама Штаттар акртисасы Сюзан Сарандон, Франциядан философ Бернар Анри Леви өз үндерін қосқан. Кремльді сынап әрі Шешенстандағы соғыс туралы мақалалар жазған Политковская қазанның 7-де үйінің жанында оққа ұшқан. Тапсырыспен өлтірілген бұл жағдай Кремль сөз еркіндігін қалыптастырмай отыр деген халықаралық айыптауларға негіз болды.
XS
SM
MD
LG