Accessibility links

Ирақ ресмилері Иранға болуы мүмкін шабуылға қарсы


Ирақтың Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі өзінің Иранға қарсы қандай да бір әскери шабуылдарға өте қарсы болатынын айтты. Мовафак әл Рубаи Иранға қарсы шабуыл бүкіл Таяу Шығысты отқа орап, одан көп зардапты Ирақ көруі мүмкін деді. Рубаи Құрама Штаттар Техран АҚШ-тың талабымен қалай келісетінін білу үшін Иранмен келіссөздерін кеңейтсе деген ұсыныс айтты. Ол бұл туралы жұма күні кешкісін Уашингтондағы Стратегиялық және Халықаралық зерттеулер орталығының кеңсесінде өткен кездесуде айтқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG