Accessibility links

Оппозиция, адам хұқын қорғаушылар және әріптестері марқұм Анна Политковскаяны еске алуда


Бүгін Ресейдің бірқатар қалаларында белгілі хұқық қорғаушы, журналист Анна Политковскаяның қастандықпен қаза тапқанына бір жыл толуына орай еске алу шаралары өткізілуде. Мәскеудегі митингте Ресейдің бұрынғы премьер-министрі М. Касьянов сөз сөйледі. Политковскаяның туыстары мен журналистің бұрынғы қаламдастары оның бейіті басына барып, тағзым етті. "Новая газетаның" шолушысы Политковская Кремль саясатын және Шешенстан соғысын сынаған өткір мақалаларымен кең танымал болған еді. Әзірге Политковскаяның өліміне қатысты күдіктелген ешкім ұсталып, айып тағылған емес. Нью-Йорк, Париж қалаларында да ресейлік журналисті еске алу шаралары өтіп жатыр.
XS
SM
MD
LG