Accessibility links

Кашмирдегі тік ұшақ апатынан 4 әскер құрбан болды


Пәкістан президенті Первез Мушаррафты шығарып салған тік ұшақтардың біреуі апатқа ұшырады. Кашмирдің Пәкістан жағында орын алған бұл апаттан 4 сарбаз қаза тауып, 8 адам жараланды. Жарақат алғандардың арасында Мушаррафтың баспасөз-хатшысы да бар. Әлгі тікұшақ техникалық ақаулық салдарынан апатқа ұшырады деп хабарланып отыр. Ал басқа тікұшақта отырған президент Мушарраф Кашмирдегі зілзаланың екінші жылдығын атап өту үшін сол аймаққа бара жатқан болатын. Ол аман-есен жетті деп хабарланды.
XS
SM
MD
LG