Accessibility links

Пәкістанда ондаған талибаншыл жаугердің көзі жойылды


Пәкістан әскерінің өкілі Ауғанстан шекарасының маңында, Солтүстік Уәзіристан провинциясында талибаншыл жаугерлерге қарсы операция өткізілді деп жариялады. Генерал-майор Уахид Аршадтың айтуына қарағанда, бірнеше күнде 130 жаугер өлтірілді, Пәкістан әскерінен 45 сарбаз қаза тапты. Шабуылды алдымен жаугерлер бастаған, бұдан соң Пәкістан әскері қарымта қайтарып, әуеден соққы берді, жаяу әскер шабуылдарын да атқарды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG