Accessibility links

Бирма үкіметі қамауға алынған оппозиция басшысымен байланыс жасайтын өкілін тағайындады


Бирма еңбек министрінің орынбасары Аунг Кый қамауға алынған оппозиция басшысы Аунг Сан Суу Кыймен байланыс жасайтын өкіл боп тағайындалды. Бирмада оппозицияны қолдаған халық көтерілген соң әскери үкімет қару қолданды, демократияшыл ереуілдер күшпен басылды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Бирма үкіметі репрессияларды тоқтатсын, қамалған адамдарды және саяси тұтқындарды шығарсын деп талап қоятын қаулы жобасын қарастырып жатыр. Қаулы жобасын батыс мемлекеттері ұсынды.
XS
SM
MD
LG