Accessibility links

Италия бас министрі Романо Проди Қазақстанда бизнес ахуалы қиындады дейді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Италияның "Ени" компаниясымен жасалған контрактіні бұзбаймыз, дегенмен, шетел инвесторлары Қазақстан алдындағы міндеттемелерін орындамаса заң бойынша шара қолданылады деп ескертті. Италия бас министрі Романо Проди кеше Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөз өткізді. Романо Проди Италияның "Ени" компаниясы бастаған халықаралық мұнай консорциумы тап болған проблемаларды талқылады. Қазақстан парламенті қарастырып жатқан заң жобасында шетел компанияларының қызметі ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіреді деп табылса контрактілер тоқтатылады деген қағида көрсетілген. Италия бас министрі бизнес әлемі осы жаңа ереженің пайда болуына алаңдайды дейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG