Accessibility links

Қарт адамдар алжу ауруынан қалай құтыла алады?


Чикагодағы Раш университетінің Медициналық орталығында 75 жастағы мың шақты қартқа 12 жыл бойы зерттеу жүргізілген болатын. Зерттеудің басқы кезінде ол еріктілердің ешқайсысынан да ақылы кемдік аңғарылмаған болатын. Алайда, зерттеу соңына қарай 176 адамда алжу белгілері пайда бола бастаған еді.

Салауатты өмір қалыбын ұстанғандардың Альцгеймер ауруына шалдығуы сирек екен. Оның себебі жөнінде аталған зерттеулерді жүргізу тобының басшысы, доктор Роберт Уилсонның айтуынша, шығармашылық сипатта өмір сүретін қарттардың алдыңғы ми бөлігі белсенді түрде жұмыс істейді екен. Мидың бұл бөлігі шешім қабылдау мен жоспарлау әрекеттеріне жауап береді. Демек мидың аталған бөлігінің белсенділігі оның қалған бөлігіндегі әрекетсіздіктердің орнын толтырады екен.

Доктор Уилсонның зерттеулері аталған аурудың пайда болуының жеке адамның табиғи ерекшеліктеріне қатысы аз ғана, дейді. Бұдан бұрынғы зерттеулер бойынша ашуланшақ және психологиялық стрестерге жиі берілетін адамдар, сондай-ақ жалғыз басты жандар алжуға бейім келеді, делінген еді. Альцгеймер ауруымен күрес қауымдастығының мәліметіне қарағанда, 2050-ші жылға қарай, бұл ауру төрт есеге көбейіп, 100 миллионнан аса адам осы сырқатқа шалдығуы мүмкін екен.
XS
SM
MD
LG