Accessibility links

Мьянмадағы әскери хунта оппозицияның лидерімен ымыраға келмекші


ЯНГОН: Мьянманы билейтін әскери хунта өз баспанасында қамауда отырған демократиялық оппозицияның лидері Аун Сан Су Чжимен “жақсы қарым-қатынас орнатқысы келетінін” мәлімдейді. Хунтаны қолдайтын “New Light of Myanmar” газетінің хабарлауынша, Еңбек министрлігінің өкілі Аун Чжи оппозиция лидерімен арадағы байланысқа жауапты болып тағайындалды. Хабарға қарағанда, бұл тағайындауды Мьянмада болып қайтқан БҰҰ-ның арнаулы өкілі Ибраһим Гамбари ұсынған көрінеді. И.Гамбари Мьянмаға оппозицияның 26-27-нші қыркүйектегі бейбіт шеруін әскери хунтаның аяусыз басып-жаншуынан кейін барып қайтты.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG