Accessibility links

Грузин президентіне таққан айыбынан бас тартқан оппозиция өкілі түрмеден босатылды


ТБИЛИСИ: Грузияның бұрынғы қорғаныс министрі Ираклий Окруашвили кепілдікке ақша төлеп бостандыққа шықты. Ол “белгілі кәсіпкерді өлтіруге бұйрық берді” деп президент М.Саакашвилиге таққан айыбынан бас тартты. Бүгін таңертең грузин телекомпаниясы Окруашвилидің түрмеден шығып өз үйіне кірген сәтін көрсетті. Дүйсенбі күні “Рустави-2” телеарнасы И.Окруашвилидің әлгі айыпты М.Саакашвилиге оны қаралау үшін таққанын “мойындаған” сюжетті көрсеткен болатын. Ол бір тәуелсіз телеарнадан президентке бірнеше ауыр айып тағып сөйлеген күннің ізінше “жемқор” деген айып бойынша өткен аптада тұтқындалды.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG