Accessibility links

Пәкістан 150-дей экстремистің көзін жойып, өзінің 45 жауынгерінен айрылды


ИСЛАМАБАД: Пәкістанның Ауғанстан шекарасына жақын ауданындағы терроризмге қарсы операцияның барысында кем дегенде 150 содырдың көзі жойылды. Армия басшылығының хабарлауынша, 2 тәулік бойы жалғасқан шайқаста Пәкістанның 45 жауынгері құрбан болды. Пәкістан армиясы зеңбіректер мен әуе күштерін қолдану үстінде. Бірнеше елді-мекен де оқтың астында қалып, бейбіт халықтың арасында адам шығыны бар сияқты. Пәкістанның осы ауданын Ауғанстаннан қашып келген тәліптер мен “Әл-Қаида” ұйымының содырлары паналап жүр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG