Accessibility links

Ресей ғарыш кемесінің апатынан Қазақстанға келген шығынды өтеуге келіседі


МӘСКЕУ: Ресей өзінің зымыран-тасығыш “Протон-М” ғарыш кемесінің апатынан Қазақстанға келген зардаптың шығын өтеуге келіседі, бірақ өтемақының түпкілікті сомасы желтоқсан айынан бұрын келісілмейді. “Роскосмос” компаниясының жетекшісі Анатолий Перминов осылай деп мәлімдеді. Қазақстан үкіметі өзіне келген шығынды 7.3 млрд. теңге немесе 1.5 млрд. орыс рублі сомасында бағалап отыр. 6-қыркүйек күні ғарышқа “Байқоңыр” алаңынан көтерілген “Протон-М” кемесі санаулы минуттан кейін Қарағанды облысына құлап түскен болатын.
XS
SM
MD
LG