Accessibility links

Тәжік ресмилері тағы бір жарықсыз қыстың алдын аламыз деп отыр


Өткен аптада Тәжікстан ресмилері елдің әр қыс мезгілі сайынғы электр жарығына тапшылығын азайтатын, Өзбекстан арқылы Түркіменстаннан электр күшін әкелетін келісім жасады. Бірақ, көптеген тәжікстандықтар мұндай келісім осыған дейінгі Қырғызстанмен жасалған келісімдер сияқты жүзеге аспайды деп оған үміт артпай отыр.

Тәжікстанның солтүстігіндегі Хужанд қаласының маңында тұратын университет профессоры Гулчера Дехқонова электр жарығының болмауынан өзінің сабаққа толық дайындала алмай баратынын айтады.

“Мен профессор ретінде дәріс беруге дайындалуым керек. Мен ол үшін лекция жазып, қосымша материалдар оқуым тиіс. Мен классқа кіріп, аудиториямен кездесер алдында соңғы ақпараттарды білу үшін жаңалықтарды көріп алуым қажет. Осы жағдайлармен ол тіпті мүмкін болмай отыр”.

Қазан айының басында Тәжікстан электр көзін беретін қысқы мерзімге өтті. Онда тұрғын үйлер мен кеңселер электр жарығын күніне екі рет қана, таңертең мен кешке жалпы ұзақтығы алты-сегіз сағаттай қана ала алады.

Билік онда бұл шектеу үлкен ауруханалар мен үкіметтік мекемелер және стратегиялық маңызды қалаларға жасалмағанын айтты.

Ең қызығы, Тәжікстан Орталық Азиядағы гидроэнергетика күші өте мықты ел болып саналады. Хабарларға қарағанда, бұл елдің жыл сайын сағатына 300 млд квт электр көзін шығаратындай басымдылығы бар.

Әзірге, Тәжікстан бұл аймақтағы жарты жылдан аса уақытқа электр күші айтарлықтай жетпей отырған жалғыз ел. Жыл сайын көп қалалары ұзақ уақытқа кей кездері бірнеше күнге жарықсыз қалып жатады.

Бұл тұрғыда Тәжікстан парламентіндегі энергетика, индустрия және байланыс комитетінің басшысы Мирзошариф Исломиддинов Азаттыққа айтқанында, Тәжікстанның табиғи энергия көзі жеткілікті болғанына қарамастан, адамдарға жеткілікті жарық бере алмай отырғанына, елдегі аллюминий зауытының 50 пайыз электр күшін алып жатқандғы үлкен себеп деген.

Өткен қыс айлары ең қиын мезгіл болып, тіпті ел астанасы Душанбенің өзінде бірнеше апта жарық болмай қалды. Енді Тәжік ресмилері осы қыста елдегі жағдай жақсырақ болады деп уәде беріп отыр. Президент Эмомали Рахмон қазанның 4-і күні мәлімдегенінде, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан Түркімен қуатын Тәжікстанға тасымалдап, жеткізуге келісті деді. Бұл жаңа келісімге сәйкес, Тәжікстан алдағы үш жылда Түркіменстаннан жыл сайын сағатына 1,2 млрд киловат электр жарығын алып отыратын болады.

Алайда, көптеген тәжікстандықтар бұл жаңалықты естігенде, оған шүбә келтіріп отыр. Оған дәйек, өткен жылы дәл осындай Өзбекстан арқылы Қырғызстаннан электр күшін алу келіссөздері болған. Сонда бірқатар аймақтағы жұрт Қырғызстанның электр қуатын алып, қыстың қараңғы түнінен ақыры құтыламыз ба деп үміттенген. Бірақ, олардың ол жарық тапшылығынан шығу арманы орындалмай қалды. Тәжік ресмилері халыққа ол жоспарлары неге жұмыс жасамағанына түсіндіріп жатпады.

Бұл жағдайда Өзбекстанның келесі бір елге электр көзін тасымалдау мүмкіндігі жоқ деп айтылған. Депутат Исомиддинов бұл жолы Түркіменстан сыртқа шығаратын электр қуатын жеткілікті өндіріп, Өзбекстан Тәжікстанға жөнелтілетін энергия көзін тасымалдайтын өзінің жолын жөндеп жатыр дегенді айтады.

Онымен қоса, Исомидииновтың сөзіне қарағанда, Тәжікстан өзінің энергия көзін өндіретін инфрақұрылымын жақсартуды қолға алып отыр.

“Желтоқсан айында Сангтуда-1 гидро энергетика зауыты электр қуатын өндіре бастайды. Ол сағатына 4 млн-нан аса квт электр күшін өндіретін болады. Иовон энергия бекеті қайта жөнделіп жатыр, ол қарашаның ортасында энергия қуатын береді. Сол сияқты Душанбе электр зауытының мүмкіндігі де көбейіп отыр”.

Тәжікстанның бірнеше гидро энергетикалық зауыты бар, елдің шығысындағы биіктігі 335 метр болатын ең үлкен Роғум бөгесіні Тәжікстан мен Ресей инвесторлары арасындағы келіспеушіліктен кейін, қайта жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар,елдің оңтүстігіндегі Сантуга-1 мен Сантуга 2 зауыттары Ресей мен Ирандықтардың қаржыландыруымен салынып жатыр.

Тәжік ресмилері мүмкіндік болғанда келешекте Тәжікстан көршілеріне электр көзін экспорттайтын болады деп айтады. Бірақ, оның энегрия қуаты аз болған көршілерінің жағдайы қазір жақсырақ. Мәселен, Қазақстан 1999 жылдан бері электр тапшылығын көрмей келеді. Түркіменстанның тұрғын үйлерінің көбісі электр жарығын тегін алады. Соңғы жылдары энергетика саласында ауыр тапшылық көрмеген Қырғызстан, көрші Қазақстан мен Өзбекстанға өзінің электр қуатын беріп келеді. Өзбекстандағы жағдай әсіресе ауылдық жерлерде Тәжікстанмен бірдей. Ташкентте қысқы мерзімдік электр қуатының қалай берілетінін хабарлаған жоқ, жарық ескертусіз күніне бірнеше сағатқа өшіріліп тасталады.
XS
SM
MD
LG