Accessibility links

Францұз және неміс физиктеріне Нобель сыйлығы желтоқсан табыс етіледі


СТОКГОЛЬМ: Физика бойынша 2007-нші жылғы Нобель сыйлығын францұз ғалымы Альбер Фера мен неміс ғалымы Петер Грюнберг алатын болды. Мәртебелі сыйлықты олар қатты дискіге жазылатын жазуды әлдеқайда тығыздай түсуге мүмкіндік беретін магнетизм саласындағы ізденістері үшін алмақшы. Биылғы Нобель сыйлығының сомасы шамамен 1.5 млн. долларға тең. Сыйлықты тапсыру салтанаты 10-ыншы желтоқсан күні Стокгольмде өтуге тиіс.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG