Accessibility links

Қазақстандағы 3 млн. ерлі-зайыпты жұптың 30-45 пайызы бала таба алмайды


АЛМАТЫ: Қазақстандағы әйелдердің бедеулігі мен ерлердің белсіздігі қауіпті көрсеткішке жетті. Бүгін Алматыда өткізген баспасөз-маслихатында ЭКО немесе Экстракорпоральдік ұрықтандыру Орталығының директоры, жоғарғы дәрежедегі акушер-гинеколог, медицина ғылымдарының докторы Вячеслав Локшин, “Астана Эколайф” медициналық экстракорпоральдік ұрықтандыру Орталығының бас директоры Алмагүл Ахметова және т.б. осылай деп мәлімдеді. Олардың атап көрсеткеніндей, Қазақстандағы 3 млн.-ға жуық ерлі-зайыптылар жұбының 300-450 мыңы бала таба алмайды және бұл көрсеткіш “денсаулық индексінің” төмендеуі салдарынан өсе түседі. Оған қоса Қазақстанда бар-жоғы 6-ақ ЭКО емханасы бар көрінеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG