Accessibility links

Қазақ оппозициясы ресми биліктің рұқсатынсыз наразылық митингісін өткізеді


АЛМАТЫ: Қазақстанның оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 13-інші қазанда Алматы қаласында наразылық митингісін өткізеді. Ол туралы бүгін партия лидерлері хабарлады. Осыған дейін аталған партияның митинг өткізу үшін қала әкімшілігіне берген 3 өтініші де қанағаттандырылмаған. Оппозициялық партия елдегі азық-түлік пен қызмет түрлері бағаларының күрт қымбаттауына қарсы рұқсат берілмеген наразылық жиынын өткізбекші. Сонымен қатар биылғы кезектен тыс парламент сайлауының алдында Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына қосылған «Нағыз Ақ жол» партиясы тағы да дербес партия ретінде іс атқаратын болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG