Accessibility links

Еуропа ұйымы Қазақстан қылмыс кодексін өзгерту жобасын тоқтатуды сұрады


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының баспасөз бостандығы жөніндегі өкілі Миклош Харазци Қазақстан ішкі істер министріне қайырылып, жеке азаматтардың ар-намысына тигендердің жазасын күшейту жөніндегі заң жобасын тоқтатуды сұрады. Қылмыс кодексін толықтыру жобасына қарағанда, ел президентінің беделін қорғау шаралары күшейе түспек, кейбір лауазымды қызметте жүргендердің ар-намысына тиді деп табылғандарға түрме жазасы берілмек. Кәсіби қате жіберген журналистер де қудалауға тап болмақ, заң жобасы Қазақстанның сыртқы міндеттемесіне қайшы, - делінеді ұйым өкілінің хатында.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG