Accessibility links

АҚШ Түркияның Ирақта рейд жүргізуіне қарсы болып отыр


Құрама Штаттар Түркияны Күрд көтерілісшілерінің қанды шабуылына кек қайтару үшін Ираққа кіруіне қарсылық танытып отыр. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Шон МакКормактың айтуынша, АҚШ Түркия күштерінің Ираққа басып кіруі мәселені шешпейді немесе ақырғы шешімге әкелмейді деп біледі. АҚШ-тың бұл мәлімдемесі Түркия үкіметінің өткен айда 20-дан аса бейбіт тұрғын мен әскерлерді өлтірген Күрд көтерілісшілерін іздеп, Ираққа кіріп, әскери операциялар жасау үшін парламент мақұлдауын алуды қарастырып жатқан тұста айтылып отыр.
XS
SM
MD
LG