Accessibility links

"Хамас" қозғалысы "Фатах" бақталас партиясымен қайта келісімге бармақ


Палестинаның "Хамас" исламшыл қозғалысы ел президенті Махмұд Аббас басқаратын "Фатах" бақталас партиясымен қайта одақтасу келіссөзін жүргізуге дайынбыз деп мәлімдеді. "Хамас" партиясының төрағасы, елдің бұрынғы бас министрі Исмаил Хания маусым айында басып алынған Газа секторын бақылауды Палестина әкімшілігіне қайтарғымыз келеді деді. Палестина президенті "Хамас" Газа секторын бақылауды әкімшілікке қайтармайынша ешқандай келіссөз жүргізбейміз деген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG