Accessibility links

1915 жылы болған армяндарды жаппай өлтіру оқиғасы АҚШ Конгресінде геноцид деп танылып жатыр


АҚШ парламенті Өкілдер палатасының сыртқы істер комитеті 1915 жылы болған армяндарды жаппай өлтіру оқиғасын геноцид деп таныды. Бұл мәселе Түркия мен Армения арасында саяси дауға айналған. Қаулы президент Джордж Буштың қарсылығына қарамастан қабылданды, президент Буш мұндай шешім шығару НАТО ұйымындағы одақтасымыз Түркиямен арадағы қатынасқа "үлкен нұқсан" келтіреді деп уәж айтқан. Қаулы енді Өкілдер палатасының толық құрамында қараша айында дауысқа салынуы мүмкін. Дәл осындай қаулы жобасы Конгресс Сенатында да қаралып жатыр.
XS
SM
MD
LG