Accessibility links

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бирмада саяси тұтқындар тезарада шығарылсын деп талап қойды


Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі Бирмада саяси тұтқындар тезарада шығарылсын, Бирманың әскери үкіметі қамауда жатқан оппозиция басшысы Аунг Сан Суу Кыймен келіссөз жүргізсін деп үндеу айтты. Бұл жөніндегі қаулы бірауыздан қабылданды. Бұл жалпы Қауіпсіздік Кеңесінің Бирмадағы жағдайға қатысты шығарған алғашқы қаулысы. Бирма үкіметі қыркүйек айында әскер тарабынан күш қолданылған соң он адам қаза тапты, екі мыңнан астам адам қамауға алынды дейді. Батыс дипломаттары адам шығыны бұдан әлде қайда көп дейді.
XS
SM
MD
LG