Accessibility links

Путин Буштың Еуропада зымыран қорғанысы жүйесін орнату жоспарынан АҚШ бас тартады деп үміттенеді


Бүгін Ресей президенті Владимир Путин өзінің Құрама Штаттар Шығыс Еуропада зымырандық қорғаныс жүйесін орнату жоспарын жүзеге асырмайды деп үміттенетінін білдірді. Ресей президенті бұлай деп АҚШ Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс пен Қорғаныс министрі Роберт Гейтспен кездесуде айтты. Президент Путин сонымен қатар, Ресей егер басқа елдер де қосылмаса, қырғи қабақ соғыс кезіндегі орташа қашықтықта соққы беретін стратегиялық зымырандарды қысқарту келісімінен шығатынын айтты.
XS
SM
MD
LG