Accessibility links

Беларус оппозициясы шеру өткізді


Беларус астанасы Минскіде бірнеше мыңдаған адам шеру өткізді. Олар Беларус билігінен Еуроодақ елдерімен жақынырақ қарым-қатынас жасауды талап етті. Оппозиция лидері Александр Милинкевич шерушілердің алдында сөйлеген сөзінде Беларус халқы “өктемдік заңдарымен” емес Еуропа заңдарына сәйкес өмір сүргісі келеді деп мәлімдеді. Рейтер ақпарат агенттігінің хабарлауынша, полиция 30-дан аса оппозиция қолдаушысын тұтқындаған.
XS
SM
MD
LG