Accessibility links

Ресей президентіне қастандық әрекеті жасалуы мүмкін деп ескертілді


Ресми Кремльдің хабарлауынша, осы аптадағы Иран сапарында президент Владимир Путинге қастандық әрекеті жасалуы мүмкін, бұл жөнінде президент ескертілген. Интерфакс ақпарат агенттігі Ресей арнайы қызметіндегі бір бұлақты келтіре отырып Путинді өлтіру немесе ұрлау үшін жанкешті лаңкестер жаттығудан өткен деп хабарлады. Иран сыртқы істер министрлігі бұл хабарды жоққа шығарып, бұл Теһранның дұшпандары тарапынан жасалған “психологиялық соғыс” деп мәлімдеді. Кремль баспасөз-хатшысының айтуынша, президенттің сейсенбі күні басталатын сапарына байланысты жоспар өзгермеген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG