Accessibility links

Еуроодақ өзбек ресмилеріне енгізілген виза шектеулерін уақытша алып тастамақшы


Еуропа Одағының сыртқы істер министрлері 2005 жылы Әндіжан оқиғасынан кейін өзбек ресмилеріне енгізілген виза шектеулерін уақытша алып тастамақшы. Люксембургтағы жиынның алдында сөйлеген сөзінде Еуроодақтың сыртқы қатынастары бойынша комиссары Бенита Ферреро-Уалднер бұл шешім шартты түрде жасалады деп мәлімдеді. 2005 жылдың мамыр айында Өзбекстанның қауіпсіздік күштері Әндіжандағы наразылық танытушыларға қарсы оқ атқан соң Еуропа Одағы қару-жараққа қатысты санкциялар мен елдің кей жоғары лауазымды өкілдеріне виза шектеулерін енгізген болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG